Пайда - сіздің бизнесіңіздің тиімділігін айқындайтын көрсеткіш, ол ақшаның қалтаңызда барлығына байланысты емес. Яғни сізде қазір мысалы жалақы төлейтін ақша болмаса, ол бизнесіңіз таза пайдасыз деуге болмайды. Таза пайдаңыз сізге қарыз клиенттердің шотында, алдын-ала төленген шот үшін жабдықтаушының шотында немесе қоймадағы тауарда болуы мүмкін.
Сондай-ақ, шотыңызда ақшаның барлығы сіздің табысты екендігіңізді көрсетпейді. Бұл жерде сіз клиенттерге тауар немесе қызмет, қызметкерлеріңізге жалақы, жабдықтаушыға шикізат үшін қарыз болуыңыз мүмкін.
Сондықтан да бизнестің хал жағдайын білу үшін кем дегенде үш түрлі есеп керек. Ол есептер бухгалтерлік есептерге ұқсас болғанмен, басқаруға арналған шешімдер үшін ішкі талдауы басқаша болады.
Пайдам бар ма, ақшам қайда деп басыңыз қатып жүрсе, бізге хабарласыңыз, іздеп тауып, әрі-қарай қандай іс-шара қолдануға да кеңес береміз.