Связаться с нами
это поле обязательно для заполнения
Ваше имя:*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
это поле обязательно для заполнения
Комментарий:*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена
Главная/Статьи/Компанияның төлем қабілеті

Компанияның төлем қабілеті

0
Компанияның төлем қабілеті

Төлем қабілеті - ол компанияның дер кезінде барлық берешектерін жауып отыруы. Ол қызметкерлердің жалақысы, шикізат пен материалдар үшін төлемдер, басқы шығындардың ақшасы және салықтар. Сонымен қатар, кредиттік немесе лизингтік пайызбен, сол кредитті(лизингті) қайтару. Былайша айтқанда, мынаны қай ақшадан төлесем екен деген проблеманың болмауы.

Кез келген банктен кредит алғыңыз келген кезде, банк сіздің компанияңыздың есептерін қарап, төлем қабілетінің коэффициентін, қаржылық тұрақтылықты есептеп, сосын кейде кредит бермейміз деген үкім шығарады. Ал кәсіпкерлер ақша керек болғасын барып тұрған жоқпын ба, неге бермейді деп ренжиді.
Осындай жағдайда не істеуге болады деп маған келгенде, менің жоспарым мынандай:

Біріншіден, компанияның 3 негізгі есебін қарау, егер ол басқару үшін пайдаға аспайтын есептер болса, керек есептерді өзіміз жасаймыз.

Екіншіден, сол есептердің негізінде компанияның, ішкі резервтерін іздеу:
2.1. Ол сатып алушыларда шашылып жүрген ақшалар;
2.2. Сатып алынып босқа жатқан материалдар;
2.3. Жаңа материалдарға деген тапсырысты реттеу, өйткені кейде болмашы жеңілдік үшін 4-5 айлық мөлшердегі қорға тапсырыс беріп жатады.
2.4.Қорларды түгендеу, осы жерде көптеген ‘сыйлықтар’ табылып жатады.

Көбінесе осы және тағы да басқа жұмыстардың нәтижесінде компания тығырықтан шығып, өз төлем қабілетін қалыпқа келтіріп жатады.

Сондай-ақ, егер есебіңіз дұрыс жасалмаған болса, есептерді банктің оң шешімін алатындай етіп жинауғада көмектесеміз. Мысалы, қысқа мерзімдегі кредит деген жерге барлық кредиттің сомасын қойып қою, сіздің төлем қабілетіңізді төмендетеді. Өйткені есепті бас есепші жинаған кезде, бұндай нәрселерге мән бермеуі мүмкін.

Контактная информация
Звоните по номеру:
Мы  находимся по адресу:
г. Алматы ул. Жандосова 61а
Электронная почта:
Не нашли ответ на важный вопрос?
Получите консультацию по телефону или напишите нам