Дата публикации: 14.10.2022
0
1️⃣ КІМ КЕЛІСІМШАРТТЫ ӨЗ ҚОЛЫМЕН РАСТАЙ АЛАДЫ:
Егер ол мекеме басшысы болса, мен алдында ұсынған ресурстардан бүгінгі күнге сол басшы ма тексеріңіз! Егер келісімшартты басқа адам қол қоятын болса, сол адамға нотариальды расталған сенімхат болуы керек.
2️⃣ КЕЛІСІМШАРТТЫҢ НЕГІЗІ:
Қандай тауар, қандай көлемде, өлшем бірлігі, бағасы, ҚҚС қосылған ба, егерде тауарды басқа жақтан әкелетін болса, тиеу, жеткізу қосылған ба, осының бәрін мұқият оқыған жөн.
3️⃣ ҚАШАН, ҚАНША УАҚЫТТА, ҚАЙ ЖЕРГЕ ДЕЙІН ЖЕТКІЗІЛУ КЕРЕК:
Кейде, компанияның басты офисі қаланың ортасында, ал қоймасы қаланың шетінде болып, ол дұрыс көрсетілмегеннен, тауарды офиске түсіріп кеткен жағдайларды көргенмін. Сондай-ақ ауыр немесе үлкен габаритті тауарды сатып алсаңыз, машинаға кім тиеп беру керек. Бізде тауар складтан, қалай тиеп аласыз өзіңіз білесіз деп тұрып алатын қоймашылар бар. Тағы бір тек тауар уақытында келмей жатқанда еске түсетін пункт, жұмыс күні ме, әлде календарь күні ме, сол нақты көрсетілмеген жағдайлар.
4️⃣ ҚАНДАЙ ДОКУМЕНТТЕР БЕРУ КЕРЕК ТАУАР САТҚАН ЖАҚ:
Бұл пунктті міндетті түрде бухгалтермен ақылдасу керек. Әйтпесе, бухгалтерлер толық документтерді ала алмай, шығындарды салықтан шегере алмай жүреді, ал ол сіздің ақшаңыз!