Кәсіпкер банктен кредит алған. Бірақ оны мақсатсыз жұмасағаны үшін енді кредитті шұғыл қайтаруды және штраф төлеуді банк талап етуде.
Кәсіпкер ол ақшаны бизнестен шығарып, өзіне жекеменшік мүлік алмаған, ал бизнесіне керек құрал-жабдық алған. Кәсіпкердің ойынша бәрі бизнеске жұмсалды. Бірақ кредит беру жөніндегі келісім шартта, сумма нақты айналымдағыны ақшаны көбейтуге деп жазылған. Сондықтан, оған құрал-жабдық алуға болмайды.
Негізінен сумманы алғанда кәсіпкердің жоспары бойынша да белгілі бір бөлігін құрал-жабдыққа жұмсамақ болған. Бірақ оған арналған бизнес-план және тағы да басқа документтер дайын болмай, тез-тез ақша аламыз деп, қазір осындай оқиғаға тап болып отыр.
Сондықтан біріншіден тез шешім кейде қымбатқа түсетінін ескерейікші.
Екіншіден, келісім-шарт оқып үйренейікші. Әсіресе әдетте келісім-шарттың алғашқы бетінде шартта қолданылатын терминдер болады. Заң сол терминдер бойынша жұмыс істейді, біздің түсінігіміз бойынша емес екенін де есте ұстаған жөн.