Сіз есеп жүргізесіз бе?
Біреншіден, есеп сіздің шешімдеріңіз қаншалықты тиімді болып жатқанын көрсетеді. Пайда тауып жатырсыз ба, ол пайда қайда, қай жұмыскерден пайда бар, қайсысы жай ақша алып жүр, қай тауарды сатқан жақсы, қай тауардан бас тартқан дұрыс деген сұрақтарға жауап ала аласыз.
Екіншіден, сіз алдыңызды жоспарлауыңызға көмектеседі. Сіздің алдағы айларда табысыңыз қандай болмақ, қанша ақша, қанша жұмыскер, мүмкін жаңа құрал-жабдық керек болатындығын алдын-ала есептей аласыз.
Үшіншіден, сізге ақшаңызды қайда тиімді жұмсауды көрсетеді. Мысалы, бизнеске жаңа ғимаратты арендаға алған дұрыс па, әлде кредитке сатып алған тиімді ме, жаңа жерден дүкен ашқан дұрыс па, әлде бар дүкенді үлкейткен дұрыс па?